Күлия ананың тұрмыстық бұйымдары

Image

Оралхан Бөкейдің анасының бөлмесіндегі тағы бір көзге түсетін жәдігер – ағаштан ойылған астау.

– «Бұл – Күлия анамыздың өзі қолданған астауы. Осындай ағаш астауға ет салынып, бүкіл отбасы дастарқан басына жиналатын болған. Үйдегі көптеген тұрмыстық бұйым секілді бұл да – әулеттен қалған түпнұсқа жәдігер. Сондықтан музейге келген әрбір қонаққа оның тарихын таныстырамыз», – деді музей қызметкері.

Жазушының балажан мінезі туралы да әсерлі естелік сақталған.

– «Жиендерін ертіп алып, "Зенит" фотоаппаратымен тауға шығып, суретке түсіретін болған. Балалармен бірге ойнап, табиғат аясында көп уақыт өткізгенін туыстары жиі еске алады», – деді ол.
Image
Музейдегі жәдігерлердің арасында соғыстан кейінгі жылдардағы тұрмысқа тән гобелендер, жез ыдыстар, тігін машинасы сияқты бұйымдар да қойылған.
– «Бұл заттардың бәрі – осы әулеттің өз қолданысындағы дүниелер. Сондықтан олардың әрқайсысының біз үшін тарихи маңызы зор», – деді музей қызметкері.