Марфуға Шапиян: Оралхан қаламының ізімен

Журналист Марфуға Шапиян Оралхан Бөкей шығармашылығына арналған бейне-әңгімелер циклін жазушының кіндік қаны тамған қасиетті Алтай топырағында түсірді. Биік таулар, мөлдір өзендер, асқақ табиғат пен осы өлкенің қарапайым адамдары жазушының көркем дүниелерінде ерекше сипатпен өріліп, туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің көрінісіне айналған.
Марфуға Шапиянның табиғат аясында айтқан  әрбір әңгімесі оқырманды жазушының әдеби әлеміне жақындата түсері сөзсіз.