Оралхан Бөкейдің достары мен мектеп тарихы

Image
Мұнда жазушының бала күнгі досы Нұрлан ақсақалдың суреті де сақталған.
– «Музейге келген қонақтарға бұл кісіні Оралхан Бөкей шығармаларындағы кейіпкерлердің прототиптерінің бірі ретінде таныстырамыз. Олар бала күнінен бірге өскен достар болған», – дейді музей қызметкері.
Image

Жазушының өзі қолданған қаламы мен портфелі де экспозициядан орын алған.

 

– «Портфельдің ішінде "Қателіктің қасіреті" деп аталатын қолжазба сақталған. Бұл – музей қорындағы ерекше дүниелердің бірі. Қолжазба осы күнге дейін бізде сақтаулы», – деді Динара Қайырбаева.

Музейде Оралхан Бөкей оқыған мектептің тарихына қатысты материалдар да бар.

 

– «Бұл альбомда жазушы оқыған мектептің тарихы жинақталған. Сондай-ақ ауыл тарихына қатысты көптеген құжат пен сурет енгізілген. Ауыл тұрғындары үшін бұл мектептің орны ерекше. Бұл мектептің өзіндік тарихы бар. Ол қазақ және орыс балалары қатар білім алсын деп арнайы екі корпусты мектеп болып ашылған. Кейін Сұлтанмахмұт Торайғыровты арнайы шақырып, осы мектепте сабақ беруге мүмкіндік жасаған. Денсаулығын түзетіп, орыс тілін үйренемін деген ақын келісіп, дәл осы ауылда ұстаздық еткен»», – деді ол.