Жазушы Оралхан Бөкейдің ізі қалған қара шаңырақ

Осы ауылдағы жазушының ата-анасы тұрған қара шаңырақ бүгінде музейге айналған
Мұнда Оралхан Бөкейдің өзі пайдаланған заттар, қолжазбалары, отбасының тұрмыстық бұйымдары мен өмірінен сыр шертетін жәдігерлер сақталған. Әр бөлме, әр бұйымның өз тарихы бар. Сол тарихты бізге музей қызметкері Динара Қайырбаева таныстырып шықты.

Музейге кірген бойда көзге түсетін жәдігердің бірі – жазушы отырған көне диван.
– «Бұл – Оралхан Бөкей отырған диван. 1965 жылы Үлкен Нарын ауданындағы "Еңбек туы" газетінде еңбек еткен кезінде осы үйге келіп тұрған. Музейге келген қонақтарға жазушы осы диванда отырып шығармаларын жазғанын айтып таныстырамыз. Бұл – үйден сақталған түпнұсқа жәдігерлердің бірі», – деді Динара Қайырбаева.
