Өмірбаяны 

 1943

28 қыркүйек 

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.

1961

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектепті тәмамдаған соң, ол өз ауылында  пионервожатый болып қызмет етеді. Кейін «Алтай» кеңшарында тракторшы болып жұмыс істейді.


1956-1968

Большанарым ауданында «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысындағы «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде әдеби қызметкер болып қызмет атқарған.


1963-1969

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы) журналистика факультетінде сырттай оқыды.

1968

Жазушы Шерхан Мұртазаның шақыруымен журналистік қызметін Алматы қаласында республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») жастар газетінде бөлім меңгерушісі болып жалғастырды.

1970

О. Бөкейдің 1970 жылы жарық көрген «Қамшыгер» атты тұңғыш әңгімелер мен повестер жинағы оқырмандар тарапынан жоғары бағаланды.

1974-1983

«Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

1983-1991

«Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарып, 1991 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін осы газеттің бас редакторы қызметін атқарған.

1993

17 мамыр

Үндістанға шығармашылық сапарында қайтыс болды.

* Марапаттары *

1976

«Құлыным менің» спектаклі үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты атанды

1978

«Найзағай ізі» әңгімелер жинағы үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың иегері атанды.

1986

«Біздің жақта қысқа ұзақ» әңгімелер жинағы үшін Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.

«Құрмет белгісі» орденінің иегері

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталды

Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы